Урок Планирование

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
  Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ тілінің төл дыбыстарынан өткенді қайталау. Ұлттық ойындарымен таныстыру. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.     Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілік: Батыл, тапқыр болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы. Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, ойландыру, тыңдап түсіну. Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім. а) Сәлемдесу ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу б) Сөйлеу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым (слайд). Сауалнама арқылы мұғалім өткен сабақты еске түсіреді. 1. Қандай ұлттық киім түрлерін киім түрлерін білесіңдер? 2. Сен қазақтың ұлттық киімін киіп көрдің бе? 3. Аяқ киімдерді  ата. ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру. 1. Сен сабақтан соң қандай ойын ойнайсың? 2. Ол ойынның қандай пайдасы бар? Қазақ  халқы бала тәрбиесіне баса көңіл бөлген, балаларды денсаулығы жақсы, тапқыр  да батыл болуға тәрбиелеу үшін көп ойындар ойлап тапқан (слайд). ІV. Жаңа сабақ. 1.     Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым (слайд). Баға жетпес байлық – бесценное богатство Асыл қазына – ценный клад Тәрбие құралы – средство воспитания Ақыл – ойды толықтырады – расширяет кругозор Қажет етеді – требует а) Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау, айтып үйрету, сөздік дәптерге жазып алу. ә) Жаңа сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. 2.  Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым. а)  Мәтінді оқу. ә)  Орыс тіліне аудару. б) Сұрақтарға жауап беру. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бір отырып, бір тұрып, Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып аламыз. 3. Оо көркем жазу . Сөздік диктант. 4. 2 – жаттығу. Жазылым. Айтылым. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жазу. Ойын, ойыншық, көп бала, аулада, далада, ерлік, батылдық, тапқырлық, дене шынықтырады, тәрбие құралы. V. «Қоржында қанша сөз бар?» ойыны. -    Қоржыннан әдемі сөздер таңдайық. Олардың жуан, жіңішкесін ажыратып, екі бағанға жазамыз (слайд).      Жуан                                                               Жіңішке      Аға                                                                  Үлкен      Ай                                                                   Әже      Жарайсың                                                      Әкел             Аң                                                                   Өлең      Ас                                                                   Төр     Жаға                                                               Күн     Жаңа                                                              Ел     1.      4 – жаттығу. Өзіндік жұмыс. а)   Тиісті әріптерді қойып жазу. ә)   Өзіңді тексер (слайд).                                   2. Айтылым .  Сөйлесім.  3 – жаттығудағы тапсырманы оқып, «Дене тәрбиесі» сабағында  тақырыбына қысқаша әңгіме құрастыру.  Мысалы: Дене тәрбиесі сабағы (сегодня, завтра) болады.  Біз _,_,_, ойнаймыз. Бұл ойын денсаулыққа (полезный). VІ. Сабақты қорытындылау. Сөйлесім.        Бағалау. VІІ. Үйге тапсырма: 3 – жаттығу, 91 бет.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 43.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 95

Похожие материалы