Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:
     Қазақ тілінен 5 «Б» сыныбында өткен тізбектелген сабақтар топтамасының                2-сабағының   жоспары Сабақтың тақырыбы:   Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары.  Сабақтың мақсаты: 1.      Білімділік: Тұрақты  тіркестерді  сөз  орайын  келтіріп, қолдана білуге  үйрету. 2.      Дамытушылық:  Шығармашылық жұмыстарда тұрақты тіркестерді  орынды пайдалана  білуге  үйрету. 3.      Тәрбиелік:  Оқушылардың  сөздік  қорларын  молайтып,  тілін  дамыту, ойын еркін,  ашық,мазмұнды, әсерлі етіп  жеткізе білуге  тәрбиелеу. 4.       Күтілетін  нәтиже: тұрақты сөз тіркестерін  біледі, еркін сөз тіркестерінен  айырады, күнделікті  өмірде  қолданады. Сабақтың типі:  Бекіту, пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілі: жұптық, топтық жұмыстар    Сабақтың көрнекілігі:  кесте, сызба, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:  1.Оқушылармен сәлемдесу.                                                   2.Сергіту  сәті «Қара жорға»  биі                                                   3.Оқушыларды топтарға  бөлу. ІІ. Қызығушылығын  ояту:       Топтастыру.           Тапсырма  №1 Тапсырмадағы   тұрақты сөз тіркестерін әр топ өзіне  берілген сөзге  байланысты теріп  жазу. Тірек сөздер:  І топ- көз,ауыз.  ІІ топ – жүрек, тіл,тіс. ІІІ топ –мұрын,құлақ. ІҮ топ –қол,саусақ.            Ала көзімен атты, аузынан салбырап түскендей, ақ саусақ, жүрегінің түгі бар, тіс жармау,мұрны қанамау, екі көзі төрт болды, аузына құм құйылды, қолы ашық, тас жүрек, тіс қаққан,құлақ қағыс есту, екі көзі шарасынан шығу,аузынан бір елі тастамау, қол ұшын беру, су журек, тісі шыққан, құлаққа ұрған танадай, жүзіктің көзінен өткендей, аузына қақпақ болу, қол қусыру,жүрегі орнына түсу, тісін қайрау, құлағын түру, иненің көзінен өткендей, жұмғанаузын ашпау, қолы жүру, жүрегі зу ету, тілін тістеу, құлағын бұрау, аузы-аузынажұқпау, тырнақ астынан кір іздеу, жүрегі шайлығу, тілін табу, көзге  түртсе  көргісіз, ауыз бастырық беру,он саусағынан өнер тамған, ақ жүрек, көз жазып қалу, аузымен орақ ору, қол алысу, көз шырымын алу, қой аузынан шөп алмас, көзді ашып-жұмғанша, аузын буған өгіздей, бес саусақтай білу, жүрегі аттай тулады, иісі мұрнына  бармау,бармақ тістеу, жүрегі аузына тығылды,тілі қышыды, журегі алып ұшу, тілі байлану, жаны мұрнының ұшына келу , мұрнынан шаншылу,мұрнын шүйіру.   Үй тапсырмасын тексеру: 1.      113-жаттығу. Өлең шумақтарын кезекпен  оқу. 2.      Постер жасау. І топ -тұрақты тіркес  туралы  білетіндерін. ІІ топ – еркін тіркес туралы білетіндерін. ІІІ топ – екеуінің ұксастықтары мен айырмашылығын жазу. ІҮ топ – еркін және тұрақты тіркестерге мысалдар келтіру. ІІІ. Мағынаны тану.  1-тапсырма. 111-жаттығу.  Мәтінді оқып, тақырып  қою. Тұрақты тіркестерін  теріп жазу. Мәтіндегі  тұрақты сөз тіркестерін  басқа сөздермен  алмастырып  оқу. Сөйлем қандай  өзгеріске түсті? Қай сөйлем  әсерлі  естіледі? Сен  қай сөйлемді  қолданар едің? Тұрақты сөз  тіркестері өмірде бізге  қажет пе? 2-тапсырма.  Берілген  сөздерге синоним болатын   сөздерді табу. Тату, дос –   арасынан қыл өтпейтін Алыс, қашық –  ит арқасы қиянда, ит өлген жер Ұялу –  жерге кіріп кете жаздау Лезде –  көзді ашып  жұмғанша, қас пен көздің  арасында Момын –   қой аузынан шөп алмас. 3-тапсырма . Берілген  тұрақты тіркестерден  антонимдік  жұп жаса.  Аузын буған өгіздей,  көзі алақандай болды, аузы –аузына жұқпау, әліпті таяқ деп білмеу,екі езуі екі құлағына жету, сөздің майын тамызу, зәресі зәр түбіне кету,сөзі түйеден түскендей, таяқ тастам  жер,көзі ашық,ит өлген жер. ІІІ. Ой толғаныс. Топтарға  «Менің сыныбым»,«Менің достарым», «Менің мектебім», «Менің отбасым» тақырыптары  бойынша тұрақты сөз тіркестерін  қолданып  эссе  жазу тапсырылады.  ІҮ.Бағалау.   Критерий  арқылы бағалау                                         Бағалау парақшасы.   Жоғары ұпай - 5 № Бағалау критерилері   Өз тобыңа Келесі топқа 1 Топ мүшелерінің белсенділігі     2 Тапсырмалардың   сауатты орындалуы     3 Жұмысты  қорғай алуы, сөйлеу мәдениеті.     4 Тақырыпты  меңгеру  деңгейі     5 Барлық ұпай  саны          Ү.Қорытынды .  Рефлексия. «Білім ағашы» Тақырыпты  өте жақсы түсінгендер алманың, орташа түсінгендер гүлдің, түсінбегендер  жапырақтың суреттерін  ағашқа жапсырады.    ҮІ.Үйге тапсырма.  Тұрақты сөз тіркестерін  қолданып 10 сөйлем жазу.   пән  мұғалімі :  Қазыбаева Нұржамал
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.77 Kb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 263

Похожие материалы