«Тіл тағыдыры» атты тіл мерекесі

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
                                                                Түсінік хат Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі.. Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің бірі, себебі тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс» – деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі Ата Заңымызда нақты белгіленген. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы егеменді мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеде одан әрі дамуына зор мүмкіндіктер берді. Жаңа Конституцияның негізінде және оған сәйкес Қазақстанда жаңа ұлттық құқықтық жүйе қалыптасып, мемлекеттік тіл мен қазақстанды мекендейтін этностық бірлестіктердің ұлттық тілдерін дамыту мақсатында арнайы жаңа заңдар қабылданып, бағдарламалар жұмыс істей бастады. Ата Заңымыз еліміздегі тілдердің мәртебесін анықтап бергеннен кейін, екі жылдай жан-жақты талқыланып, 1997 жылы шілде айының 11-де «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңы жарыққа шыққаны өздеріңізге мәлім. Бұл Заң Конституциямыздың 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп анық айшықталған қағиданы жүзеге асырған заң болды. Жаңа заңның талаптары мен қағидалары ескеріліп 1997 жылы Елбасымыз «Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» бекітті. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының алғашқы кезеңдеріндегі негізгі міндеттерінің орындалуында қажетті нақты шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Жаңа қабылдаған тіл туралы заң еліміздің рухани өмірінің жаңа кезеңін бастады. Тіл туралы Заңының қозғаушы тетігі ретінде 1998 жылы ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» және 1999 жылы «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулылары мен бірқатар құжаттар қабылданды. Осылай тіл мәселесінің құқықтық негізі қалыптасты, ол жүйе күнделікті толықтырылып, бүгінгі күнге дейін жүйелі түрде дамып келеді. Осы алғашқы кезеңде қоғамдағы тілдік қатынастар аумағында өлшемделген және ұтымды мемлекеттік саясат жүргізілді. Тілдік құрылымның оңтайлы процесі этнолингвистикалық және мәдени қажеттіліктерді толыққанды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы азаматтық келісімді баянды етуге және оның одан әрі нығайтуға ықпал ететіндіктен мемлекет өміріндегі әлеуметтік маңызы бар аспектілердің бірі болып табылады. Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз және біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Қазақстан дүние жүзін шарлаған қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізді мекендейтін этностардың тілі мен мәдениеттерін дамытуға, балаларының өз ана тілдерінде білім алуларына жағдай жасап отырған бірден-бір мемлекет. Бұл әлемдік тәжірибеде өте сирек кездесетін құбылыс, мұндай мемлекеттер жоқтың қасында. Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сонда тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болары сөзсіз. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру әлем тілдерін дамыту тәжірибесіне сәйкес жаңа әлеуметтік мәдени және ғылыми салада оның лексикалық және семантикалық өрісінің кеңейту мүмкіндігін талап етеді. Бұл саладағы негізгі міндет, термин шығармашылығын қоса алғанда, жаңа лексикалық бірліктерді ендіру процесін біріздендіру болып отыр. Ұсынып отырған «Тіл тағдыры» атты тіл мерекесі, дана халқымыз «Көп көтерсе жүк жеңіл» демекші ынтымақты еңбек арқылы табыстың тайқазанын тасытып мемлекеттік тіл туралы бағдарламаны заман талаптарына сай орындасақ– бұл біздің ортақ мүддеміз болып есептеледі.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 126

Похожие материалы