Шығармашыл тұлға қалыптастырудағы үйірменің үлесі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жалпы білім беретін мектептердегі  оқу-тәрбие процесінің  маңызды құрамдас бөлігінің  бірі – сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың  шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін  шыңдауға жол ашады. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы.  Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде  мұғалімнің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.  Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты  шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын  толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын  негізінен  териялық және практикалық  бағытта жүргізуге болады. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта-ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен   сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірме жетекшісі алынған тақырыбының  үйретушілік және тәрбиелік маңызына  ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әртүрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді  жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып,  ізденгіштік  дағдыларын  тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Пәндік үйірмелер – мектеп бағдарламасы бойынша түрлі пәндерді кеңіте, тереңдете оқыту арқылы тиісті ғылым, әдебиет салаларына  оқушылардың қызығушылығын көздейтін сыныптан тыс ғылыми білімділік жұмыс түрі. Пәндік үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік зерттеушілігі мен  дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы білім, дәлелді шешімдер қабылдай білуге  үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің  ең маңызды мақсаты болып табылады. -         Өзін-өзі тануға ұмтылады; -         Ізденеді; -         Дұрыс ой түйеді; -         Өздігінен сапалы шешім қабылдайды; -         Жеке қабілеттері дамиды; -         Рухани күші нығаяды. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: 1.    Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау; 2.    Арнаулы бір тақырыпта пікірталас туғызу; 3.    Логикалық ойлауын дамытатын ойындар; 4.    Берілген тапсырманы түрлендіру; 5.    Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, ат қою; 6.    Қиялдау арқылы сурет салу; 7.    Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамыту. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашыл тұлға қалыптастыру сапалары Педагогикалық сапа -         Интеллект – негізінде әртүрлі сападағы ақпараттарды өңдеуде және оған сапалы баға беруді  қамтамасыз ететін  саналы да сапалы еместе үдерістер  негізіндегі қабілеттің  біршама берік құрылымы. -         Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы  көрінісі. -         Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында  жүргізілетін жүйелі процесс.   Әлеуметтік сапа -         Көзқарас – метафизикалық ойлау мен зерттеулер  нәтижелерінің жиынтығы; -         Дербестік – жеке адамның қайталанбайтын өзіндік болмысы, өзінің субъектісі  оның мақсаты  мән-мағынасы болатын іс-қимылы. -         Таным – нәтижесі әлем туралы жаңа білім болып табылатын, субъект ойлауындағы шындықтың елесі мен жаңғыруы.   Психологиялық сапа -         Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін  жеке қасиеті. -         Қажеттілік – өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында  адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. -         Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән.     Шығармашыл тұлға қалыптастыру жолдарының негізгі шарттарына сүйене отырып, үйірме мүшелерінің психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық  сана сапаларына көңіл бөлу керек. Айнұр Алдабергенова, №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп интернатының қосымша білім беру педагогі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 409.79 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 113

Похожие материалы