Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы:  Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері.

Мақсаты: Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері туралы түсінік беру және     олардың әр түрлі тәсілдерін меңгеру.

Күтілетін нәтиже:  Оқушыларға сандар тізбегі туралы түсінуге, олардың берілу тәсілдерінің түрлерімен танысуға мүмкіндік туғызу.

Игерілетін мазмұнның оқушы үшін маңызы:  Сандар тізбегінің ерекшелігін түсіну, сандар тізбегінің түрлерінің маңызды екеніне көз жеткізу.

Сабақ құрылымы:

1. Ақпарат блогы (қысқаша АБ)

2. Логикалық тапсырмалар блогы(ЛТ блогы)

3. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы(ЖБЕА)

4.Интелектуалдық тренинг блогы (ИТ)

5.Күтілетін нәтиже блогы (КН)

Оқыту әдісі:

Проблемалық. Сандар тізбегінің берілу тәсілдері қандай? Ал тізбектің түрлері қандай?

 

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:

Белсенді танымдық (интерактивті)

Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру:

Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материялын  А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру. ЛТ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту. ЖБЕА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. ИТ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға ат салысу.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

    Тақырып түйіні берілетін қысқа тұжырымдар арқылы оқулық материалын бекіте отырып, осындай нұсқа сөздерді (слайт мәтінін) тұжырымдап үйрену, логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, олардың негізінде қорытынды жасай алу, өзін-өзі дамыту дағдылары-өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай сәттілік сәтіне ұмтылу, ұжымда жұмыс істеу дағдылары –ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы оны сынып алдында қорғай алуы.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 61.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 115

Похожие материалы