План по воспитанию на тему "ТӘУЕЛСІЗДІК АТА – БАБА АРМАНЫ, ҰРПАҚ ҮШІН МАҚТАНЫШ!" (6 класс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

1-жүргізуші:

Жеткен арман – жаса тәуелсіздігім

Өз қолына берген ерік тізгінін

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

2-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тәуелсіздік ата – баба арманы, ұрпақ үшін мақтаныш!» атты тәуелсіздік күніне арналған әдеби – сазды бағдарламамызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім!

Азап жүгін, ел жауын қуған ерім

Әділет пен бірлікке жанын қиып

Қорғап өткен ата – баба туған жерім

Өлең жолдары 4 оқушы

Дәурен:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді

Бізге оны ешкім аяп бермеді,

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың

Тас көшеде тас – талқан боп өлгені

Динара:

Жеттік, міне, осы күнге көптен бері аңсаған

Ата – баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған

Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын

Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын

Бекзат:

Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы

Татулығым – бірлігімнің айғағы

Сөгілмесе еліміздің іргесі,

Әлде де бар ұрпағымның арманы

2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейін құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Домбыра: Күй орындайтын: Ирхан Айтжан

1-жүргізуші:

Қазақстан – қазақ елі қашаннан ата – бабан жайлаған жер. Қазақ жері ұлан байтақ.

2-жүргізуші:

Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар мереке құтты болсын.

 

Ән «Ақтілек» орындайтын: Байаман Айбат

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.27 Mb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 83

Похожие материалы