«Обучение элементам баскетбола»

Предмет: Физкультура
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Қазіргі таңда биологиядан олимпиадаларға дайындау курстары оқу бағдарламасының негізгі бөлігі болып қалыптасып келеді. Бұл курстар оқушыларды биология пәніне қызықтырып ынталандырса, екінші жағынан оқушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Оқушыларға биологияны тереңдетіп оқытудың бірнеше тәсілдері бар. Ол, әрине әртүрлі оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ғылыми ізденістегі жұмыстар. Ал, бірақ олимпиадаға дайындық курстарының мазмұны мен алға қойылған міндеттердің жоғары деңгейде құрастырылудың арқасында және тақырыптардың мағыналарының ашылуы негізінде оқушы пән бойынша терең білім алып, нәтижесінде биологиялық эрудициялы  тұлға қалыптасады. І. Өзектілігі: олимпиадаға дайындаудың қазіргі кезде қазақ тілінде құрастырылған әдебиеттер немесе мұғалімдерге арналған нұсқаулар жоқтың қасы. Нұсқаулардың болғанның өзінде орыс тілінде жазылған немесе кез – келген мұғалімнің қолына түсе бермейтін тапшы әдебиет екені белгілі. Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелік – нұсқаулар арқылы пән мұғалімдері тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді. Олимпиадаға дайындық бағытындағы мұғалімнің әдістемесінің мақсаты мен міндеттерінің дұрыс құрылуының арқасында оқушы пән бойынша терең білім алып, жоғары нәтижеге жетері сөзсіз.  Бұл курста биологиядан өткен аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда кездескен тапсырмалар жинақталған. Сондықтан бұл оқулық ең бірінші оқушыларын олимпиадаларға дайындайтын ұстаздар үшін таптырмас көмекші құралдың бірі.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 167.5 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 85

Похожие материалы