Научная работа по математике на тему "Атыбұрыш - керемет фигура" (3 класс)

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Класс: 3 класс
Автор: Болатова Ырсалды Хашимовна это Вы?
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 16.25 Mb

№18 орта мектебі










Тынысбек Әсел

Жанабаев Даниял

3-сынып



Алтыбұрыш – керемет фигура!



Бағыт: экономикалық және әлеуметтік үдерістің

математикалық модельдеуі

Секция: математика-информатика

Жетекшісі: Болатова Ы.Х.









Көкшетау, 2015 ж.




Мазмұны:


Абстракт 3

Кіріспе 6

1. Жұмыстың зерттеу бөлімі.

    1. «Қызықты геометрия» факультатив сабағында 7

    2. Табиғат, өнер және мәдениет саласындағы дұрыс алтыбұрыштар 8

2. Эксперименттік бөлім.

2.1 Жас математик - зерттеушілер 10

2.2 Алтыбұрышты пішінді брусчатка 11

2.3 Қаламыздағы жаңа жолдар үшін құрылысшыларға рахмет! 12

Қорытынды 14

Қолданылған әдебиеттер тізімі 15 Жетекшінің пікірі 16
























Абстракт


Зерттеудің мақсаты: «Алтыбұрыш – керемет фигура!» тақырыбындағы жобаның мақсаты алтыбұрышты геометриялық пішінді зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Алтыбұрышты геометриялық фигурамен таныстырып, дұрыс алтыбұрышты салуын үйрену.

  • Заттардың алтыбұрыш ұқсас фигураларын анықтау.

  • Компьютермен алтыбұрышты құрастыру.

  • Алтыбұрыш пішінді заттарды адамның игеруі туралы ақпарат жинақтау.

  • Алтыбұрыштың аудан бірліктері және ең төмен шығынның ең көп пайдалы игеруін құрылыс материалдары үшін үйлесімді геометриялық пішін екенін дәлелдеу.


Гипотеза: Алтыбұрыштың аудан бірліктері және ең төмен шығынның ең көп пайдалы игеруін құрылыс материалдары үшін үйлесімді геометриялық пішін екенін болжаймыз.

Зерттеу пәні: Математика, сурет

Зерттеу нысаны: Алтыбұрышты геометриялық пішінді брусчатка.

Зерттеу әдістері: Бақылау, әңгімелесу, оқушылар арасында сауалнама,

ата-аналар арасында сауалнама, эксперимент жүргізу, сурет салғызу.

Зерттеу жаңалықтары:

  • Араның ұяшықтары дұрыс алтыбұрыш пішінді;

  • Күрделі көміртек малекулалары (мысалы, графит) гексогональды кристалл ұяшықтары тәрізді;

  • Өмірде жиі кездесетін алтыбұрышты пішін ол: қарындаш, құрал саймандар т.б.

Зерттеу жұмысының нәтижесі: Алтыбұрыш – құрылыста, пішіні және ауданы бойынша ең аз шығындалатын болғандықтан, ең ұтымды геометриялық пішін.

Практикалық қолданылуы: Ғылыми жобаның нәтижесін мектептегі факультатив курсында және жол құрлысшылармен әңгімелесу барысында алтыбұрыштың өмірде қажеттілігін көрдік.













Абстракт


Цель исследования: Исследовать геометрическую фигуру – шестиугольник.

Задачи исследования:

  • Познакомиться с геометрической фигурой – шестиугольником и

научиться строить правильный шестиугольник.

  • Узнать какие существуют предметы шестиугольной формы.

  • Смоделировать на компьютере шестиугольники.

  • Собрать информацию об использовании человеком предметов шестиугольной формы.

  • Доказать, что шестиугольник – самая оптимальная геометрическая

форма для максимального полезного использования единицы площади

и минимального расхода строительного материала.

Гипотеза: предположим, что шестиугольник - оптимальная геометрическая форма для максимального полезного использования единицы площади и минимального расхода строительного материала


Исследования предмета: математика, рисование

Объект исследования: брусчатка шестиугольной геометрической

формы.


Методы исследования: Наблюдение, беседа, анкетирование среди учащихся и родителей, эксперемент, правильное построение фигур.


Новости исследования:

  • Пчелиные соты показывают разбиение плоскости на правильные шестиугольники.

  • Некоторые сложные молекулы углерода (напр., графит) имеют гексагональную кристаллическую решётку.

  • Сечение гайки и многих карандашей имеет вид правильного шестиугольника.

Результаты исследования: шестиугольник - самая оптимальная форма для максимального полезного использования единицы площади.

Использование в практике: Широко используя на факультативных занятиях построение шестиугольника и беседуя со строителями тратуаров мы увидели результаты научного проекта.






Abstract



Objective: To investigate the geometric shapes - a hexagon.

Objectives of the study:

• To get acquainted with the geometric shape- hexagonsand learn how to construct a regular hexagon.

• Find out what are the hexagonal shape.

• To simulate on the computer the hexagons.

• To gatherinformation on the use of human subjects hexagonal shape.

• To prove that the hexagon is the most optimal geometric shape for maximum useful area unitsand minimum consumption of building material.

Hypothesis: Assume that the hexagon is the optimal geometric shape for maximum useful unit of area and minimum consumption of building material

Research subject: mathematics, drawing

The object of study: paving block hexagonal geometric form.

Research methods: Observation, conversation, questioning among students and parents, exeperimental, construction of figures.


Research News:

• Honeycombs show the partition of the plane into regular hexagons.

• Some complex carbon molecules (e.g., graphite) have a hexagonal crystal lattice.

• The cross section of the nutsring and many pencils hasthe form of a regular hexagon.

The results of the study: the hexagon is the optimalshape for maximum useful unit area.

Practical application: Widely using in optional classes hexagon building and talking with builders we saw the results of a research project.










Кіріспе

Математика сабағында геометрия фигуралары туралы түсінік қалыптасып, геометриялық фигураның қасиеттеріне қарай құрылыстарда, әр түрлі ғимараттарда, архитектурада геометриялық фигуралар қолданылады. Оқушылардың білімдерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында факультатив сабақтарында дұрыс көпбұрыштардың ішінен алтыбұрыш туралы мағлұмат алдық.

Геометрия (гео -жер, метрио -өлшеу) — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Ғылым ретінде Ежелгі Грекияда математиканың бір бөлігі болып қалыптасқан, оның алғашқы аксиомалары Эвклидтың «Бастама» кітабында сипатталған.

Геометрия алғашқы кезде фигуралардың мөлшерлерін, өзара орналасу тәртібін, бір түрден екінші түрге көшу жолдарын зерттейтін ғылым болды. Онда фигуралардың түрлендірілуі берілген фигура мен кейін пайда болған фигураның арасындағы белгілі бір қатынастар ретінде түсіндірілді. Геометрия — ерте замандарда шыққан ғылымдардың бірі, оның тарихы да әріректен басталады. 

Табиғат шеберханасы пішіндерге бай. Онда шеңберлер мен овалдар, ромбтар мен кубтар, үшбұрыштар, квадраттар, дұрыс алтыбұрыштар және басқа да көпбұрыштар кездеседі. Оларды үлкен шеберлікпен біріктіріп, табиғат шексіз көп күрделі, таңғажайып сұлу, жеңіл, мықты, үнемді құрылғылар жаратқан. Қар түйіршіктерін, кристалл қырларын, ара ұяшықтарын есімізге түсірсек жеткілікті.

Табиғат кейде бірдей пішіндерден құрастырып жасайды. Мысалы гүлдестелер, жемістің тұқымы, сарымсақтың басы, құлпынай мен таңқурайдың жемістері, балықтың, жыланның сыртқы қабын, тасбақа мен жаңғақтың сыртқы тас қабын және т.б. алуға болады. Мұндай құблыстар заңдылықты.















    1. «Қызықты геометрия» факультатив сабағында

Факультатив сабақтарында біз қабырғасы қалаған кесіндіге тең дұрыс алтыбұрышты салуды үйрендік.





Салу жолдары:

Біздің жағдайымызда PQ берілген кесінді арқылы және сызғышпен циркульдің көмегімен дұрыс алтыбұрышты салу. Циркульдің ашаларын PQ кесіндісіне теңестіріп, радиусы PQ-ға тең шеңбер салып сол шеңбердің бойынан кез келген А нүктесін белгілейік. Циркульдің ашаларын бұзбай А нүктесінен шеңбер бойын тең бөліктерге бөліп В, С, D, E, F нүктелерін белгілеу қажет. Осы нүктелерді түзумен қосқан кезінде AB, DC, CD, DE, EF, FA өзара тең кесінділер пайда болады. Сондай ақ бұл өзара тең кесінділердің арқасында бізде ABCDEF дұрыс алтыбұрышты аламыз.

Осындай қызықты сабақтарда біз алтыбұрышты салып қана емес, олардың бұрыштарын дұрыс өлшеп, сызып үйрендік.






















    1. Табиғат, өнер және мәдениет саласындағы дұрыс алтыбұрыш

Біздің айналамыздағы көпбұрыштардың ішінде ең қолайлы және өмірде жиі кездесетін дұрыс алтыбұрышқа тоқталғым келеді.









Табиғатта кездесетін көпбұрыштардың алуантүрлігін, таңғажайыптылығы мен әсемдігін сөзбен жеткізе алмаспын

Дұрыс алтыбұрыштардан немесе алтықырлардан құрастырылған құрылымдар материалды аз қажет етеді. Олар табиғатта жиі кездеседі: тасбақаның сыртқы тас қабығында, жыланның сыртқы қабында, өсімдіктердің сабақтарында.




Алтықырлы құрастырылымдардан таңғажайыбы әрі көп кездесетіні ара ұяшықтары. Бұл ең үнемді және сыйымдылығы үлкен пішінді құрылым. Бұлар тек алтықырлы призмалардан құрастырылған.

Аралар – табиғаттың таңғажайып жаратылысы. Өздерінің геометриялық қабілеттерін өздерінің балұяшықтарын жасағанда көрсетеді. Аралардың құрылыс принципін – гидроқұрылғылар жасағанда тиімді қолданады. (Олар ара ұяшығындағыдай каркастарда қолданады.)







«Мың бір түн» ертегісіндегі араның «Менің үйім архитектураның ең қатаң заңымен салынған Евклидтің өзі менің ұяшығымның геометриясын үйренуіне болады» деген екен.






Математикада паркет деп бірдей пішінді қайталанатын араларында бос орын болмайтын жазықтықтың «үлкейтілуін» айтады. Қарапайым паркеттерді 2500 жылдай бұрын Пифагорлықтар ашқан.



Олар бір ...

Скачать

Полезно? Поделись с другими:

Просмотров: 137   Скачиваний: 2

Если Вы являетесь автором этой работы и хотите отредактировать, либо удалить ее с сайта - свяжитесь, пожалуйста, с нами.

Посмотрите также: