«Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі» 8-сынып

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:
Синапстар арқылы медиаторлар бөлініп, жүйке импульстарын тиісті мүшелердің арнаулы рецепторларына жеткізіп, қызметін іске асырып отырады. 1897ж ағылшын физиологі Чарльз Скотт Шеррингтон ең бірінші рет ғылымға «синапс» деген ұғымды енгізді. Бұл гректің «синапс» қосу, байланыстыру деген сөзін білдіреді. Осы синапстар арқылы ақпараттар бір жасушалардан екінші жасушаға беріледі. Синапстарының саныда бас миы мен жұлында 60-80%. 3 оқушы. Синапстік байланыстар аксондар, сома(дене) және дендриттер араларында болады.  А-аксон;    С-сома (дене);  Д-дендрит  жүйке жүйесінде синапстардың 7 түрі бар. А-Д; А-С; А-А; Д-Д; Д-С; С-Д; С-С. стрелка синапстың морфологиялық полярлық құрылысын және ақпараттың жүру бағытын көрсетеді.  Осылардың арасында ең бір жиі кездесетін түрлері  А-Д; А-С. Өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап, морфологиялық және биохимиялық зерттеулер нәтижесінде синапстың ультрақұрылымы айқындала бастады. Мөлшері өте кішкентай, 1 микронға тең. Синапстік байланыста ақпараттар көбіне химиялық жолмен, кейбір жағдайда электрлік импульс түрінде жүреді.  4 оқушы. Синапстың ульрақұрылымы әр түрлі деңгейде орналасқан организмдерде бірдей. Мысалы: адам жүйке жүйесінің синапстік құрылысы, жүзім ұлуының синапсімен бірдей. Әрбір жеке адамның бір-бірінен ерекшелігі сезімталдық, ойлау, еске сақтау қабілеттерінің көрінуі, дамуы осы айтылған синапстік байланыстардың құрылымында, іс-әрекетінде болуында. Синапстер организм дүниеге келгеннен кейін қалыптаса бастайды. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 52.5 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 148

Похожие материалы