«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг-сабақ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің жоғары санатты бірінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр  Темировна «Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг-сабақ Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, — деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!» Құрметті ұстаздар! Адамның өз қызметін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз. Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз. Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады. І.ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ «Жарық құмыра» тақырыбындағы видеороликті көре отырып, негізгі мазмұнының қандай тағылым беретінін ұшқыр ой, шебер тілмен әңгімелеп,өз ойларын ортаға салу. ( 6,5,4 ұпай)
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.64 Kb
Количество скачиваний: 57
Просмотров: 351

Похожие материалы