«Бір таңбалы сандарды көбейту және бөлу»

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы:       «Бір таңбалы сандарды көбейту және бөлу» Мақсаты:    1.  Жүздік  сандарды   бірлік  сандарға  көбейту  және   бөлу    тақырыбына есеп шығарту арқылы  білімдерін бекіту .                           2.Оқушылардың  өз  ойларын  жүйелі  түрде  жеткізе  білуге  дағдыландыру , графикалық  диктант , «Сандар сыры»   түзету  жаттығуларын  пайдаланып    ойлау , есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту . 3.Тазалыққа,ұқыптылыққа, ойларын қорыта білуге тәрбиелеу . Сабақтың түрі: аралас  сабақ. Сабақтың әдісі:  кіріктірілген , сұрақ жауап. Сабақтың көрнектілігі : карточкалар, сыйлықтар. Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру.   а)  амандасу,түгендеу.  б) психологиялық жаттығу. Бүгінгі сабағымызды бір-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар,жүрек тұстарыңды ұстаңдар. Қолдарыңды кеуделеріңе қойыңдар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріңдер; дүрс-дүрс жүректеріңнің орнында мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер.Оның жылуы денелерінді,қол-аяқтарыңды жылытты. Жылудың көпшілігі сондай, бойымызға сиятын емес. Келіңдер, жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу арқылы бір-бірімізге жақсылықты да тілейік.   II . Үй тапсырмасын тексеру.   а)дәптерлерін қарап шығу        б )ауызша есеп шығару. Пойыз ойыны. -Балалар пойыздың не екенін білеміз бе? -Пойыз жай жолмен қаланың ішінде жүре ала ма? -Вагондары қалай орналасқан? -Ендеше әрқайсысыларың бір біріңе тіркескен вагондарсыңдар, сондықтан менің берген тапсырмама біріңен кейін бірің жауап беріңдер. -бүгін қай күн? -9 бен 6 - ның көбейтіндісі. -тақ сандарды ата -1 дециметрде неше сантиметр бар ? -1 мен 4 – тің қосындысын  5 есе арттыр. -2 - мен 3 -тің қосындысын 5 есе кеміт. -100 -ге 200 -ді қосып 300 -ді азайт. III.Жаңа сабақ. 1. Көбейту кестесін еске  түсіру . 2.Көбейту амалын қолдана  отырып жүздік сандарды бірлік  санға көбейту амалына  мысал келтіру:  Мысалы . 243 4                                                                            972 3. Көбейтуге  кері    амал  бөлу амалына есеп  шығару  тәсілін еске түсіру .Бөлу амалына  есеп  шығару  үшін  міндетті түрде көбейту кестесін білуіміз  қажет .Мысалы .      255: 5                                                                       25      5 1                                                                             5                                                                              5 4.Балалар, біздің сабаққа қонаққа еңбек пәнінің мұғалімі Күлжан апайларың келіп отыр, апайларың сыйлық әкеліпті.Кімде кім  тапсырманы дұрыс орындаса, соған сыйлық беріледі. 1)№523    Тігінші 2 орам мата әкелді,әр орамда 147 м мата бар.Бұл матадан әр костюмге 3м мата кетсе, қанша костюм тігеді? Шешуі ; Мата – 2 ор. – 147 м. Әр     кост   -      3 м Қанша  костюм  тікті  ? 1) 147 : 2=294м            2)294-27=24м           3)294:3=98 Жауабы:98 костюм тікті. IV Сергіту сәті.      Орнымыздан тұрайық,      Қолды ашып жұмайық,      Бір отырып,бір тұрып      Орнымызға қонайық. V . Графикалық диктант. Cурет пәні мұғалімі оқушылардың қабылдау қабілеттерін және ұсақ-қол қимылын дамытуға арналған графикалық диктант жүргізеді. Дәптерлеріне нүкте белгіленеді. Сол нүктеден бастап, мұғалімнің нұсқауы бойынша графикалық диктант жазады: 4 клетка жоғары, үш клетка қиғаш, оңға бір клетка, солға бір клетка, төмен қиғаш, 1 клетка жоғары қиғаш, 1 клетка төмен қиғаш, 1 клетка қиғаш жоғары, 1 клетка солға, 3 клетка қиғаш төмен. УІ. Есеп шығару. 1. №519 есеп III деңгей         2. №524 есеп II деңгей  3. Карточкамен жекелей жұмыс, үлгі бойынша.                                                                                                                                                                                           VII Бағалау.   VIII Үйге;      №519 (3 деңгей) қалғаны,  №524 (2 деңгей) қалғаны
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.65 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 192

Похожие материалы