Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі      1. Ассамблея мүшелері қызметін осы Заңмен айқындалған өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырады.       2. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:       1) мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге;       2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын іске асыруына, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті болғызбауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;       3) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша конференциялардың, семинарлардың, «дөңгелек үстелдердің» және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға;       4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.       3. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:                          1) этносаралық келісімді, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге;       2) Ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;       3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға;       4) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге;       5) Ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.       4. Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.52 Mb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 90

Похожие материалы