Ашық сабақ "Жабайы аңдар" 4сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор: Дуйсемуратова Эльмира Кошанкызы это Вы?
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.72 Kb

Сабақтың  тақырыбы: Жабайы аңдар

Сынып: 4 А

Сабақтың  мақсаты

1)  Білімділік:

2) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау мен  ойлау қабілеттерін, ауызекі  сөйлеу  тілін дамыту, топтық жұмыстарды орындау арқылы  іскерлікке машықтандыру, оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

3)Тәрбиелік:  Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, жануарларға қамқор болуға, оларды қорғауға  тәрбиелеу;

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қандай материалдар қолданылады

2 мин.

1мин.

І – Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа даярлығын байқау.

- Сәлеметсіңдер ме! Балалар.

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Қазір қай сабақ?

- Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?

- Қазақ тілі сабағына не керек?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қыс айларын ата.

-Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қыста қандай мерекелер болады?

Психологиялық күй

Ал, балалар қане бүгінгі көңіл күйлеріңді алдарында жатқан смайликтер арқылы көрсетіп жіберіндер.

Топқа бөлу

Балалар сол алдарында жатқан смайликтердің түстеріне қарай /сары, жасыл, көк/ мына үш топқа бөліну керек

Оқушылар тұрып мұғаліммен сәлемдеседі.

Кезекші тұрып сұраққа жауап береді.

Оқушылар смайликті көтеріп, өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді.

Оқушылар өз топтарына отырады

7 мин.

Бағалау түрімен таныстыру.

Балалар, бүгін біз өзімізді және бір-бірімізді мына бағалау парақтарына бағалаймыз.

ІІ- Үй жұмысын тексеру.

Ал, балалар, бүгінгі көңіл күйіміз жақсы екен, ендіше үй тапсырмасын тексеремін. Үй жұмысы қандай?

Үй жұмысының тақырыбы «Үй жануарлардың адамға пайдасы»  сұрақ-жауап.

ңҮй жануарларының адамға пайдасы бар ма?

Сиырдың адамға қандай пайдасы бар?

Түйенің адамға қандай пайдасы бар?

Қой мен ешкінің адамға қандай пайдасы бар?

Жылқының адамға қандай пайдасы бар?

Иттің адамға қандай пайдасы бар?

Мысықтың адамға қандай пайдасы бар?

Кезекші тұрып үй жұмысына не бергенін айтады.

Оқушылар қолдарын көтеріп үй жануарлардың пайдасы туралы айтып береді.

«Үй жануарлардың адамға пайдасы» Power  Point Слайда № 1

Қорытындылау: Өте жақсы, балалар, үй жануарлардың адамға пайдасы туралы жақсы біледі екенсіңдер.

Бағалау.

Ал, балалар, алдарында жатқан бағалау парақтарынды толтырыңдар.

1мин.

ІІІ - Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Ал, балалар, қане  мынау үй жануарлары, қане атайық

-          Иә, дұрыс

-          Ал, мынау  жануарларды білесіңдер ме?

-          Өте жақсы, бұл балалар, жабайы жануарлар.

-          Олар тауларда, далада және орманда тіршілік етеді.

-          Ендіше бүгін біз не туралы айтамыз?

-          Иә, дұрыс бүгін біз жабайы аңдар туралы оқып, әңгімелейміз.

Оқушылар интерактивтегі суреттерге қарап, сұраққа жауап береді

Интерактивті тақта № 1

Бүгінгі сабақта біз жана сөздермен танысамыз, жабайы аңдар туралы оқып, аударамыз,  топтық жұмыс болып, көпше түр жалғауларын еске түсіреміз. Ал, іске сәт.

V. Сөздік жұмыс:

- жаңа сөздермен танысу

- сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркесі мен сөйлемдерді құрау

Бағалау

Интерактивтивті тақта.

Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді оқу, аудару. 3 топқа 2 сөйлемнен беріп, аударту/3мин/

2. Мәтін бойынша сұрақ-жауап

3. Топтарға мәтін бойынша тапсырма беру

1 топ- Мәтін ішіндегі Қазақстанда кездесетін жануарларды туралы мына суреттерді қолдана отырып коллаж жасап әңгімелеу

2 топ – Мына аңдардың ішінен Қазақстанда тіршілік етпейтін аңдар туралы кластер жасап таныстыру

3 топ – Өздерін таңдаған 2 аңға синквейн жазу.

Уақыт – 7 мин

Бағалау. Әр топ кезек-кезек шығып стикер бойынша бір-бірін бағалайды

1. Мәтінді оқушылар оқиды.

2. Топтық жұмыста оқушылар аңдарды топтастырып, қорғайды.

3. Жалпы уақыт 7 минут, қорғауға 3 минут

Сергіту сәті

Жазбаша жұмыс

Ал, келесі жұмыс түрі, жазбаша жұмыс. Балалар, мен сендерге карточкалар таратып берем, бұл карточкаларға көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазасыңдар.

Ең қорқақ .....

Балды жақсы көретін ...

Ұзын мойынды....

Ең ірі...

Аң патшасы ....

Ал, енді жанында отырған көршілерімен тапсырмаларымен алмасып тексеріндер.

5 сөйлемнің ішінен 1 қате болса «4»деген баға қойасыңдар.

Егер, 3 қате болса «3» деген баға қоясыңда, ал 3 тен көп қате болса «2» деген баға қойып бағалаңдар.

Ал, енді қане тақтаға қарап тексеріп жіберейік

Келесі жазбаша жұмыс:

Балалар,қане, діптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Біз қандай жалғау түрлерін білеміз

-          Иә, дұрыс, -лар-лер-дар-дер-тар-тер

-          Ал, лар, дар, тар – сөздері қандай сөздерге жалғанады?

-          Ал, лер, дер, тер қандай сөздерге жалғанады?

-          Ендіше,мына сөздерге көптік жалғау жалға

Піл...

Қасқыр...

Аю...

Түлкі ...

Қоян ....

Бағалау______________

VІІ. Сабақтың  бекіту, қорытындылау:

- Ал, балалар, бүгін біз не өттік?

- Сонымен, біз қандай жабайы жануарлар туралы оқып, білдік?

- Олар қайда тіршілік етеді?

- Оларды неге жабайы аңдар деп атайды?

- Қазақстанда қандай жабайы аңдар тіршілік етеді?

Рефлексия

- Не білдің?

- Не ұнады??

Оқушылар сергіту сәтін жасайды

Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазып, бір-бірін тексеріп шығады.

Бағалап, тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексеріп шығады.

2мин.

VІІІ. Мадақтау, оқушылардыңбілімдерін  бағалау.

ü  Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, күнделіктеріне баға қою.

ü Нашар қатысқан және қатыспаған   оқушыларға ескерту жасау.

Оқушылар күнделіктерін әкеліп, бағаларын алады.

1мин.

ІХ. Үй тапсырмасы:

А. Сөздерді жаттау, ұнаған аңды салып келу

В. Сөздерді жаттау, мәтінді оқу, сұрақ құрастыру

С. Сөздерді жаттау, мәтінді  әңгімелеу

Сабақ аяқталды, сау болыңдар балалар!

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Мұғаліммен қоштасады.

Скачать

Полезно? Поделись с другими:

Просмотров: 22   Скачиваний: 11

Если Вы являетесь автором этой работы и хотите отредактировать, либо удалить ее с сайта - свяжитесь, пожалуйста, с нами.

Посмотрите также:

— Интелектуалдық сайыс "Тапқыр достар" 4сынып
— Конспект урока математики на тему "Единица площади квадратный метр "
— Технологическая карта урока на тему"Отечественная война 1812 года. М.Ю.Лермонтов. Бородино. Особенности художественного и исторического текстов"
— Классный час на тему "Славься Русь-Отчизна Моя !"
— Открытое мероприятие посвящённое 9 мая
— Конспект урока по чтению и развитию речи на тему"Одежда. Виды одежды"
— Технологическая карта к уроку окружающего мира на тему: «Развитие и размножение животных»
— Конспект урока литературного чтения по теме " Изобразительные возможности художественного текста" с презентацией
— Поурочные планы по русскому языку (3класс)
— Бастауыш сынып оқушысының оқу дағдысын дамыту