«Арманға қанат қағамыз!»

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
«Арманға қанат қағамыз!» Мақсаты: Оқушыларға қиял-ғажайыпты көрсете отырып, армандаудың жақсы қасиет екенін түсіндіру. Әдісі: Таным сабақ Көрнекілігі: Интерактивті тақта,нақыл сөздер,бейнесюжет. І.Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі 1.« Шаттық шеңбері» 2. «Арманға қанат қағамыз» мультфильмімен тақырыпты ашу. 3.«Менің арманым» өз арманын суретке түсіру. 4. « Біздің арманымыз» сынып видиоролигі 5. «Жаралы құс» (анимациялық сұрақ ) ІІ. сергіту сәті  «Арман қала Астанаға саяхат» Қорытынды бөлім 1.Сабаққа рефлекс жасау 2.«Сабағымызды бағалайық» (Саусақпен бағалау) 3. «Бала тілегі» әнімен тәмәндәу Сабақтың  барысы:  1.«Шаттық шеңбері» Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен тілейік, Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен тілейік, Көңіл,күлкі ашады Күліп өмір сүрейік. (Оқушыларды орындарына отырғызу) -Ал балалар, Тәрбиеші:  Құрметті ұстаздар мен оқушылар, « Арманға қанат қағамыз» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Балалар,осы тақырып төңірегінде мультфильм көргілеріңіз келе ме? Олай болса,бірге тамашалайық. 2.(Мультфильм «Арманға қанат қағамыз») -Ал  балалар,мультфильм ұнады ма? 3. «Менің арманым» Өз арманын суретке түсру. -Олай болса, мультфильмнен не ұқтыңыздар,қағазға түсіріп көрейікші. (Көңілді  әуен  ойнап тұрады) ( салған суреті бойынша  2,3 оқушыны сөйлету) 4. «Біздің арманымыз» сынып видиоролигі -Ал, енді балалар,сыныбымыздың бейнеролигін тамашалайық. (сынып видиосы) (Видио бойынша тәрбиеші сөйлейді.) 5.«Жаралы құс» : балалар,маған көмектесіңіздерші.Қатігез патша менің қанатымды ұшпасын деп,сыйқырлап тастады, менің қанатымды сұрақтармен байлап тастады. Тәрбиеші: Ал, балалар құсқа көмектесеміз бе? -Оқушылар: «Иә» ( сұрақтарға жауап беру) 1.Болашақта сен қандай мамандық иесі боласың? 2.Ата-анаңды қалай  қалай қуантасың? 3.Сіздер қандай мемлекетте тұрасыздар? 4.Үш тілде өз атыңды айтып көрші. 5. Өз мемлекетіңіз туралы маған айтып беріңіздерші. Сергектік сәті   6. « Арман қала Астанаға саяхат» ( Оқушылар астананы суреттеп беруі керек) ( Байтерек, Ақ орда, Хан шатыры, Пирамида, Нұр мешіт, Окианариум) 7.Ал енді, оқушылар бүгінгі сабағымыз қалай өтті,соны бағалап көрейікші.(Саусақпен бағалау әдісі) 8.Рефлекстеу: а) Нені білетін едік? ә) Нені үйрендік? б) Нені үйренуіміз керек? (Оқушылар жауабы тыңдалады) 9. Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Бала тілегі»әнімен тәмәндайық! ( Оқушылар музыкамен ән орындайды)   Қош, сау болыңыздар!   №2 Облыстық санаториялық-мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсұлу Алижанқызы Арал қаласы.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.89 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 195

Похожие материалы