«Адамның іс-әрекеті- аса маңызды экологиялық фактор» 8 сынып.

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:
Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі – жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық – түлікпен,  жылу энергиясымен,  киім – кешекпен, т.б.  материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Оның үстіне, ХХ ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын- соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып,адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.  Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – биосфераның  ластануы. Ластану -  жер  шарының физикалық, химиялық, биологиялық  сапасының төмендеуі мен экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістер ірі дауылдар,су тасқындары,жанартау атқылауы,жер сілкіну,теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі,қуаңшылық, өрт сияқты апаттарға апарып соғуда. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері ғаламшардағы тіршілік үшін қауіп тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жақындады. Табиғат шеттен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді.Өз кезегінде табиғат та адамның жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялық апаттарды “сыйға” тартады. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 53.73 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 101

Похожие материалы