Абылай хан

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:
Пән: Қазақстан тарихы Мамандық: 0301000 «емдеу ісі» Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы Сабақтың түрі: Теория Күні:.25.12.12ж. Сабақтың уақыты: 80 минут   Сабақтың мақсаты:   Білімділік: Абылай ханның қолбасшылық, саяси қайраткерлігі, қазақ жерлерін біріктіру  жолындағы күресі және тарихта алатын орны туралы түсінік қалыптастыру арқылы толық мәлімет беру. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, Абылай ханның өмірінен үлгі алуға, алған білімдерінен қорытынды шығарып, өмірде пайдалана алатын жан-жақты тұлғаның дамуына әсер ету. Тәрбиелік: Оқушылардың өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетің ұғынуға, қорғауға, елдің дамуына үлес қосуларына тәрбиелеуге ықпал ету.   Сабақтың жоспары 1.  Ұйымдастыру кезеңі : 2мин. 2.  Үй тапсырмасын тексеру, қортындылау: 25 мин. 3.  Жаңа сабақ : 30 мин. 4.  Бекіту:10мин. 5.  Қорытындылау: 5мин. 6.  Бағалау: 5мин. 7.  Үйге тапсырма беру: 3 мин.   Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, саясаттану және әлеуметтану негіздері, мәдениеттану. Сабақтың жабдықтары: слайдтар, карта, оқулық,  тест,суреттер. Пайдаланатын оқулықтар: 1.     Мусин Чапай «Қазақстан тарихы» Алматы -2008ж. 2.     Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов « Қазақстан тарихы» Алматы -2007ж. 3.     Л. Гумилев « Көне түркілер» Алматы-1994ж. 4.     Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында» Алматы-1996ж. 5.     Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер.Алматы, «Дәуір» 1994ж. Сабақтың барысы 1.     Үйымдастыру сәті: Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру. Үй жұмысын тексеру:      1. Жекелей сұрау      2. Жылдар сөйлейді      3. Картамен жұмыс     1.1 Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері Кіші жүздің империя құрамына    енуі.     1.2 Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты.     1.3 Орта жүз және Ұлы жүздердің Ресейге бірігуі.     2. Жылдар сөйлейді (слайд  оқушыларға жылдар сөйлейді кестесі көрсетіледі, жылдарға байланысты дұрыс мәлімет айтылуы қажет, дұрыс жауап берілгеннен кейін жауаптар ретімен ңұсқау белгі көмегімен ашылады ). № жылдар Болған оқиға 1 1583 ж. Қазақ хандығына Третяк Чебуков бастаған орыс елшілері келген болатын. 2 1686-1693ж.ж Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберді 3 1718 ж. Семей бекінісі орнады 4 1731 ж. 19 ақпанда орыс патшасы Әбілхайыр ханға қол астына келуі туралы грамота жіберді 5 1734 ж. 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді өз құрамына алғаны жөнінде құжатқа қол қойды. 6 1742 ж. Жайық бойына қазақтардың көшіп қонуына тиым салғаны жөнінде Патша жарлығы шықты 7 1744 ж. Орынбор қаласы салынды   3.Картамен жүмыс. Топ оқушылар үшін жалпы тапсырма. Қорытынды:   Сонымен,ХҮІІІ- ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси – экономикалық дамуына бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ- орыс сауда байланыстары,қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағжайда дамыды.   Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы,орыс- қазақ шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болатын.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 52.44 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 142

Похожие материалы