10 - арналған диктант мәтіндері.

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
«Зор тұлға»              Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған  көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі  – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі    болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.             Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный  қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.             1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин атындағы «Түсті металдар» институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы институттың тау-кен факультетін бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне кен инженері болып барды. Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін көтеріледі.               Ұлы Отан соғысы кезеңінде  Лениногор кен басқармасының директоры болды. Кейін Министрлікте  қызметін атқарды. 1952 жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және оның президенті болып сайланды. «Ұлттық валюта» 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Т .Сүлейменов, М. Алин Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Біздің қазақстандық теңгеміздің туған күні - 1993 жылдың 15 қарашасы.   Дәл осы күні  Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. 1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.  «Газет тарихынан»  «Егемен Қазақстан» — мемлекеттік ресми баспасөз құрал. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді  жариялайды. Газет 1919 жылдың  желтоқсанынан бастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы «Ұшқын» болатын. «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.  Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден   қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады. «Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда,  Орынбор, Қызылорда,  Алматы, ал қазір  – Астанада орналасқан.   Диктант «Мамандық таңдау»          ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді.  Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс. Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан! Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет. Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан  мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.          Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса. Ал егер  «Алтын белгі» иегері болсаң, онда  қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі  жоғары. Себебі  алдымен гранттар «Алтын белгі» иегерлері арасында  байқауға  түседі.  (102 сөз)  «Мұстафа Шоқай» Мұстафа Шоқай- көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танып,  Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады. Ақпан төңкерісіне дейін  Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. Өмірінің соңғы жылдары Германияға, сонан  Францияға барып орнығады.  «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы  Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 79 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 132

Похожие материалы