" Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріндегі замана жайының суреттелуі. «Үш қиян» толғауы, «Зар заман "

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

   Пәні: қазақ әдебиеті                           Күні:   17.11.14                        Сыныбы: 10

 

Сабақтың  тақырыбы :     Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріндегі замана жайының суреттелуі. «Ұш қиян» толғауы,  «Зар заман »

Сабақтың мақсаты : а)   Мұрат Мөңкеұлының шығармаларынан  мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды  жан-жақты таныту;

          ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

          б)  ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;                                 

Сабақтың түрі :                          жаңа сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    бүктемелер,кітаптар

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

  а)  Ұйымдастыру кезеңі :

              Оқушыармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

   ә)  Үй тапсырмасын пысықтау     карточкада жеке тапсырмалар

              Жаңа сабақты меңгерту. Зерттеу әдісі бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыпты ашады.

              2 Қорғау.( өз жұмыстарынын постер бойынша қорғайды)   а) Патшалық отарлаудың темір құрсауынан құтылуды, бейбіт тәуелсіздікті аңсаған, халық тағдырын, елінің бүтіндігін, тәуелсіздігін халқының болашағын жырының өзегі еткен ақындар қатарына Мұрат Мөңкеұлын жатқызуға болады. Елдің бірлігі кетіп, шырқы бұзылған кез - "Ресей патшасының шеңгеліне ілініп", тәуелсіздіктен айырылған кезде өз жыр-толғауымен халықтың мұң-қайғысына ортақтаса үн қосқан ақынның бірі болды. Б)"Үш қиян" өлеңінде:

Еділді тартып алғаны -        Үргеніш пен Бұхарға

Етекке қолды салғаны.         Арбасын сүйреп барғаны,

Жайықты тартып алғаны -  Қоныстың бар ма қалғаны?

Жағаға қолды салғаны.        Мал мен басты есептеп,

Ойылды тартып алғаны -     Баланың санын алғаны -

Ойдағысы болғаны.               Аңғарсаңыз, жігіттер,

Маңқыстаудың үш түбек -   Замананы тағы да

Оны-дағы алғаны.                 Бір қырсықтың шалғаны, -

деп, отаршылдық өктемділікке кіріптар болған халқының қайғылы, мұңды халін өз жырында суреттеген.

       В)    Мұрат өлеңдеріндегі халқының қамын ойлағаны, елім, жерім деп толғанғаны бірден байқалады. Ол жаңалықты сынай отырып, тығырықтан шығудың жолын іздестірді. Малы бар ақылсыздардың ел билігіне келгеніне налиды. Бәрібір олардан еш жақсылық күтуге болмайтынын ашық айтады. "Халық тағдырын жаны ашитын нағыз ер-азаматқа тапсыруымыз керек" дей келе, бір өзі мыңға татитын асылды армандайды.

Ең бастысы, қоғамдағы әділдікті, халықтың бақытты болашақ өмірін аңсады.

Кітаппен жұмыс:         Мұрат Мөңкеұлының  өлеңдерін       мәнерлеп,  түсініп оқу..

 Білімді бекіту: Сұрақ -жауап

Білімді бағалау: Бағалау парағына сай.

                      

Үйге тапсырма:          Мұрат Мөңкеұлының       өмірі мен шығармаларын оқып келу.  

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 196.5 Kb
Количество скачиваний: 45
Просмотров: 142

Похожие материалы