Урок по казахскому литературу на тему "Қазақстан" Қасым Аманжолов (2 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов «Қазақстан»

Сабақтың мақсаты:

1.Қ.Аманжолавтың «Қазақстан» өлеңінің мазмұнын таныстыру, түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру

2. Білімін, ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту

3.Елін, жерін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,жаңа технология әдістері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сабақтың ұранын айту:

Ана тілім - өз тілім дана тілім.

Абай , Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым ,бақытым қазақ тілім

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру

«Он алтыншы желтоқсан», «Есіңе сақта» – жатқа сұрау.

«Қайраттың жазу дәптерінен естелік» - мәнерлеп оқу.

ІІІ Білімдерін тексеру кезеңі :

1. Сұрақ-жауап:

- Он алтыншы желтоқсан қандай мереке?

- Қ.Рысқұлбеков кім?

- Қайрат Рысқұлбековтың асыл міндет деп отырғанын не деп ойлайсың?

- Қайрат Рысқұлбековты сипаттап бер?

- Қазақстан қандай республика?

- Бас қаласы қай қала?

- Елбасы кім?

- Ұлттық валютасы не?

- Рәміздерін атап бер.

2 .Сыныпты 3 топқа бөлу: І топ-«Ту», ІІ топ-«Елтаңба», ІІІ топ- «Әнұран»

3.Әр топ өз тобының атын қорғайды.(атын атау, түсіндіру)

І топ -«Ту» ІІ топ-«Елтаңба» ІІІ топ- «Әнұран»

Қазақстан-

Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Қызығушылығын ояту

ІҮ. Мақсат қою.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. «Болжау» страт.

- Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Қ.Аманжолов «Қазақстан»

Ү. Жаңа білімді түсіндіру:

1. Қ.Аманжолов туралы мағлұмат беріп өту. Видеоролик көрсету

2. Балқаш қаласы, көлі туралы мәлімет. Видео слайд көрсету.

3. «Қазақстан» - оқып, талдау.

Мағынаны түсіну.

4. Сөздік жұмысы.

Балқаш – Балқаш көлі және оның маңындағы өндірісті қала.

Қас тағдырдың қиқаңы – қиындықтың ауыртпалығы.

Серт – уәде.

5. Оқушыларға оқыту:

іштей оқу

тізбектей оқу.

Сергіту сәті «Қарлығаш»

6. Өлеңді талдау:

І топ- «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?

ІІ топ- Ақын неге қуанып, неге шаттанады?

ІІІ топ - Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы .

ҮІ. Топтық жұмыс. Ой қозғау

І топ- «Өлеңнен сөз тіркестерін тап!»

... ...

жеріміз

... ...

... ...

қазақпыз

... ...

... ...

азат

... ...

құл ... ...

... ... жанбыз

ІІ топ- 5 жол өлең «Қазақстан»

1.Қазақстан

2.Киелі, қасиетті.

3.Намысты бермейді,қиындықты жеңеді, азатпыз.

4.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

5.Ел

ІІІ топ – «Менің Атырауым» эссе жазу

Атырау туған жерім. Ол өте әсем қала. Онда зәулім ғимараттар көп. Атырау мұнайға, газге, балыққа бай. Мен қаламды жақсы көремін.

Ү. Бекіту кезеңі. СКТ әдісі

Өлеңнің аты: «Қазақстан»

Авторы: Қасым Аманжолов

Шумағы: 2

Идеясы: Туған жерді, Отанды сүю, қорғау

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.97-98 беттерді мәнерлеп оқу, жаттау. 2.Бағалау

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 3.45 Mb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 87

Похожие материалы