Адам .Қоғам.Құқық. Тақырыбы: Тарауды қайталау тест. 9 сынып

Предмет: Обществознание
Категория материала: Тесты
Автор:

Адам.Қоғам.Құқық пәнінен тест тапсырма І тарау

1. Ғалымдардың жорамалдауынша бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде пайда болған ежелгі адам атауы:

А) Homo sapiens (саналы адам)В) Епті адамС) Тік жүретін адамД) Синантроп

2. Аталған бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен – жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады:А) ИдеалистерВ) Материалистер С) Дінтанушылар Д) Әлеуметтанушылар

3. Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында адам –

А) эволюциялық дамудың шыңыВ) ең саналы жыртқыш С) ғарыштың бір бөлігі (микрокосм)Д) саналы сүтқоректі

4. Адам өмірінің биологиялық және әлеуметтік элементтерден тұратын жағдайлардың тұтас жүйесімен айқындалатын себеп-салдарлығы:

А) эволюцияВ) инициацияС) детерминацияД) этнология

5. Латынның individuum сөзінің қазақша баламасы: А) бөлінбейтіВ) тұлғаС) адамД) қоғам

6. Адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе:

А) мінезВ) даралықС) психологияД) абсолют

7. Қоғамда қатып қалған консерватизм мен таптаурындарға (стереотип) қарсы күресте маңызды рөл атқарады:

А) жеке адамның даралануы мен жетілуіВ) тұтас мемлекет азаматтарының жетілуіС) заңД) әдет-ғұрып, салт-дәстүр

8. Адамзаттың жеке өкілі, қоғам мүшесі :А) мемлекетВ) қоғамС) жеке адамД) партия

9. Латынның personalitas сөзінің қазақша мағынасы:А) тұлғаВ) қоғамС) жеке адамД) партия

10. Әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам:А) тұлғаВ) қоғамС) мемлекетД) халық

11. Қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын қалай атаймыз? А) өмір сүруВ) қызметС) оқуД) шығармашылық

12. Қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау: А) мақсатВ) қызметС) көріпкелдікД) мотив

13. Психология ғылымында адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті қалай атайтынын көрсет:А) мақсатВ) қызметС) мотивД) сана

14. Француз тіліндегі motif (мотив) сөзінің қазақша баламасының мағынасын көрсетіңіз:

А) мақсат, мүддеВ) себеп, себепке итермелеуС) қызметД) әрекет

15. Тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара-психологиялық ерекшелік:А) қабілетВ) ынтаС) мотивД) сана

16. Жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қабілеттердің жиынтығын қалай атаймыз?

А) қабілетВ) интеллектС) тәжірибеД) дарын

17. «Атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса, адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар» деген тұжырымға келген Канадалық патофизиолог: А) Г.СельеВ) Б. РасселС) А.ЭйнштейнД) Э. Резерфорд

18. Қарапайым адамдар өз миында бар жүйке клеткаларының қанша пайызын қолданады? А) 96 %В) 4 %C) 10 %Д) 20 %

19. «Адамды қолөнердің кез келгеніне үйреткендей, шығармашылыққа да үйретуге де болады» деп есептеген ағылшын математигі, әрі философ:

А) Бертран РасселВ) Леонард ЭйлерС) Джон фон НейманД) Альберт Эйнштейн

20. Ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық деп аталатын гипотекалық жүйешеге бөлінетін танымдық функция:

А) санаВ) жадС) қабілетД) ой

21. Латынның intellectus (интеллект) сөзінің мағынасы:

А) тану, түсіну, талқыВ) ой, сана, сезімС) дарын, қабілет, тәжірибеД) жад, түсінік, түйсік

22. Адамның зияттылығын (интеллект) айқындайтын тест:

А) TOEFLB) IQC) психологиялық тестД) IELTS

23. Жамбыл туралы бір естелігінде қай қайраткер ақынның миллион жол өлеңді жатқа айтатыны туралы жазған:

А) Ә.ТәжібаевВ) М.ҒабдуллинС) И.БайзақовД) Ж.Молдағалиев

24. Суицид дегеніміз: А) үкімВ) қылмысС) адамның өзін-өзі өлтіру құбылысыД) жаза

25. Адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен әрекет етуінің ең жиі кездесетін формасы: А) отбасы В) қоғамС) тайпаД) ру

26. Адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы:А) ру В) тайпаС) мемлекетД) қоғам

27. Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар қалай аталады?

А) бірлестікВ) қауымдастықС) қоғамдық қатынастарД) кәсіподақ

28. Қоғамда ана рөлінің үстем болуы:А) патриархатВ) демократияС) матриархатД) анархия

29. Адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы: А) руВ) қоғамС) мемлекетД) тайпа

30. Өзіндік мәдениеті, тілі, ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы:

А) ұлысВ) тайпаС) ұлтД) мемлекет

31. Белгілі бір географиялық ортада тұрып, белсенді, жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы:

А) халықВ) руС) тайпаД) мемлекет

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 75.02 Kb
Количество скачиваний: 390
Просмотров: 995

Похожие материалы